Бүгін 25 мамыр. Ұлы даланың барлық мектептерінде соңғы қоңыраудың күміс үні сыңғырлайтын күн. Мектеп бітіруші түлектер соңғы қоңырау үнімен тебіреніп, «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» Алтын ұя – мектептерімен қимай қоштасар сәт. Білімнің ордасы, жылылықтың мекеніне айналған мектеппен қош айтысар түлектердің жадында мәңгі жатталатын шақ. Дәл осы күні жүректері дүрсілдеген жеткіншектер қияға қанат қағады. Осындай іс-шараны Ордабасы ауданы, Батыр ата ауылында орналасқан І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебінде мектеп түлектерінің қуанышын бөлісуге ата-аналар мен ардагер ұстаздар мектеп ұстаздарын оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Мектеп директоры: Мелдебек Әділғазы Оспанханұлы «Жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңызға ұлттық бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, терең білім алу жолында жан-жақты ізденіп, парасатты ұстанымды қалыптастырып, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектеспін. Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екінші сыныпқа аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін»-деп, құттықтау сөзін айтты. Сондай-ақ мерекелік шарада мектептің ардагер ұстаздары түлектерге ыстық лебіздерін білдіріп, бірінші сынып оқушылары өлең шумақтарын арнады. Түлектер ән шырқап, би билеп,11 жыл білім сусынымен сусындырған ұстаздарына ризашылықтарын жеткізді.
© 2022 Ualihan.
All Rights Reserved.